Атырау, 25 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Ресей Словакиядан «Спутник V» вакцинасын кері қайтаруды талап етті

3 934 просмотра

Словакияға жеткізілген ресейлік «Спутник V» вакцинасы төңірегінде тағы жанжал туынданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жергілікті дәрілерді бақылау агенттігінің елге әкелінген ресейлік екпенің қасиеттері «Лансет» журналында жарияланған препараттан «өзгеше» деп айтуы түрткі болды. Осыған байланысты Ресей тарапы бұл мәліметтерді «жалған» деп, Братиславадан екпені кері қайтаруды талап етті. 

Еске сала кетейік, Словакияда бұған дейін үкімет басшысы осы ресейлік екпеге қатысты қызметінен кеткен болатын. Себебі, ол Еуропаның дәрі-дәрмекті реттеу агенттігінің шешімін күтпей, Ресейден 2 миллион доза вакцина сатып алу жөнінде келісімге отырған еді.

9 сәуір 2021, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.