Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Инфекциялық ауруханада Covid-19-бен қатаң жатқан аналар дүниеге дені сау сәби әкелді

4 229 рет қаралды

Атыраудағы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында бес сәби дүниеге келді - төрт қыз және бір ұл бала, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысының штаттан тыс бас инфекционисті Надя ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, қазір сәбилердің жағдайы тұрақты. Олардың екеуі кесір тілігі арқылы дүниеге келді.

- Сәбилердің аналары пневмониямен жансақтау бөлімінде ауыр халде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып жатты. Сәбилер мен аналарын аман сақтап қалу үшін екі әйелге ота жасалды. Дүниеге келген қыз баланың салмағы 2500 грамм, ал ұл баланың салмағы  - 1490 грамм болды. Сәбилердің жағдайы тұрақты, - деді Н.Ерғалиева.

ПТР-тест нәтижесі бойынша сәбилер коронавирус инфекциясын жұқтырмаған.

9 сәуір 2021, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.