Атырау, 28 наурыз 22:49
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Атырауда COVID-19 өршіп тұр: модульді ауруханада орын жоқ

3 682 просмотра

Облыстық №2 аурухананың жұқпалы аурулар стационары індеттің өршуіне байланысты коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдауды қайта қолға алды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуірде таңертең 200 орынға есептелген модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 190 науқас болған. Түске дейін онда бос орын қалған жоқ.

"Қазір онда 17 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың алтауы ИВЛ аппаратына қосылған, жағдайлары өте ауыр деп бағаланып отыр. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

№2 Облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 науқас қабылданды. Аурухана 180 орынға есептелген, оның ішінде 120 орын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар үшін дайындалған.

«Қалған 60 орын түрлі инфекциясы бар науқастарға арналған. Жақын арада біз бұл науқастарды басқа медициналық мекемелерге ауыстыруды жоспарлап отырмыз, осылайша аурухана коронавируспен ауырған науқастарға арналған инфекциялық стационар режимінде жұмыс істейтін болады", - деп түйіндеді Мағжан Сиджанов.

8 сәуір 2021, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.