Бішкекте Ішкі істер министрлігі ғимаратының маңында "Зорлық-зомбылыққа қарсы" митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстандықтар 5 сәуірде ұрланған 27 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне байланысты наразылық акциясына шықты.
Митингіге қатысушылар ІІМ басшысы мен Бішкек Ішкі істер бас басқармасы басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр.
Оларға ҚР ІІМ тергеу қызметі қызметкерлерінің бірі шықты. Алайда жиналғандар оны тыңдамады, олар министрдің шыққанын қалайды. Митингіге 200-ден аса адам жиналды.
Наразылық білдірушілер премьер-министрге "ұят" деп айғайлап жатыр. Кейін үкімет басшысы Ұлықбек Марипов президент Садыр Жапаров Ішкі істер министрлігі басшысының отставкаға кету мәселесін қарастырып жатқанын айтты.
Қазіргі уақытта акцияға қатысушылар үкімет ғимаратына ауысты.
Еске салайық, бір күн бұрын қыздың және оны ұрлаған адамның мәйіті жатқан көлік табылғаны белгілі болды.
Полицияның алдын-ала мәліметінше, ер адам қызды тұншықтырып, содан кейін өзіне қол жұмсаған.