Атырау, 24 сәуір 21:56
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Массаж жасайтындар" басқа да қызмет көрсеткен

3 119 просмотра

5 сәуірде Атырау ҚПБ учаскелік инспекторлары Сәтпаев көшесіндегі пәтерді жалға алып, "интимдік массаж" қызметін көрсеткен 4 әйелді анықтады. 26,29,31,44 жастағы азаматшалар Тараз, Орал және Түркістан қалаларынан келген. 

Атырау ҚПБ бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВТЫҢ айтуынша, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен (Сексуалдық сипатта қызмет көрсету не өзге де қызметтер көрсету) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына ескерту берілді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігімен (ҚР азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 209 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, жалдамалы пәтердің заңдылығын тексеру мақсатында (қожайыны салық төлеген бе?), жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті Атырау ҚПБ жолдады 

8 сәуір 2021, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.