Атырау, 20 сәуір 19:10
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда тағы 137 адамнан коронавирус анықталды

2 914 просмотра

Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Кеше Атырау қаласынан 97, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 11 адамнан анықталды.

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 4, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 5 және Исатай ауданының 3 тұрғыны тіркелді.

Коронавирустық инфекциясы бар 76 науқаста ауру белгілері бар, ал 61 адамда белгілер байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 33 науқас сауығып шықты. Қазір 547 адам үйден, 190 – модульді ауруханада, 74 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша – “қызыл” аймақта тұр.

Ауруханалардың жүктемесі

8 сәуірдегі мәлімет бойынша, COVID-19-дан 466 адам емделіп жатыр. Жүктеме 24,1% құрайды (1993 орын)

Жансақтау бөлімшелерінде 22 науқас жатыр, оның 5 ИВЛ аппаратына қосылған. Жүктеме 30,9% құрап отыр (71 орын)

Вакцинация туралы

Тәулік ішінде 550 адам екпе салдырған. Оның 57 медицина қызметкерлері, 99 педагог, 38 полиция қызметкері, 9 студент, жабық мекеменің 2 қызметкері, құқық қорғау органдарының 10 қызметкері, 8 мемлекеттік қызметкер, созылмалы ауруы бар 2 адам және 321 жергілкті тұрғын.

1 ақпан мен 6 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының І компонентімен 6148 адам егілді, ІІ-компонентті 2354 адам алды. 

8 сәуір 2021, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.