Атырау, 26 сәуір 14:08
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау облысының бас санитар дәрігері ұжымдық Ауызашарға тыйым салды

3 421 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауов қаулының мәтініне өзгерістер мен толықтыру енгізді, құжат 7 сәуірден бастап күшіне енеді.

Халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 «Атырау облысының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 5 тармақта ойын-сауық объектілеріне қатысты тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
- ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, барлық түрдегі ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға беруге, уақытша шағын бөлшек саудаға, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мереке ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне;
2) 6 тармақта қоғамдық тамақтану объектілеріне қатысты тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
- қоғамдық тамақтану объектілеріне күн сайын сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, залды 50%-ға дейін толтырып, 30-дан аспайтын орын орнатып, үстелдердің арасын кемінде 2 метр қашық болуын сақтау, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп), жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салынып, фудкорттарға тек жеткізу және өзімен бірге әкетуге сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
3) 6 тармақта азық-түлік сатылмайтын дүкендерге қатысты тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
- сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарына (павильон, бутиктер) тек қаңа жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (сыйымдылығын 30% асырмай толтырып, 1 келушіге 4 шаршы метрден келу керек) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.
4) 5 тармақ мынадай тармақшамен толықтырылсын:
- қасиетті «Рамазан» айы кезеңінде бірге тұратын бір отбасы мүшелері арасындағы «Ауызашарды» қоспағанда, ұжымдық іс-шара «Ауызашар» өткізуге тыйым салынсын;
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.

Осы қаулы 2021 жылғы 07 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

6 сәуір 2021, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.