Атырау, 25 сәуір 16:33
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Триллион теңгеге жуық жобалар: Индерде бизон өсіргендей болмасын

2 121 просмотра

Жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте біздің өңірімізде жалпы құны 920,4 миллиард теңге болатын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғаны жарияланды. Тек бұлар кейбір алдыңғы «керемет» бастамалардың кебін кимесе болғаны.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш МӘМБЕТОВТІҢ айтуынша, бұл жолы түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт, тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндіретін өндіріс, бетон және темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт, газхимия кешенінің құрылысы, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру, геотекстиль шығаратын цех, мұнай-газ саласына арналған техникалар шығаратын зауыт сияқты жобалар жөнінде айтып отырмыз.

Әрине, инвестиция салған жақсы-ау. Алайда, есімізге алғымыз келмейтін бірнеше сәтсіз жобалар болды. Дегенмен, еске түсірейік. Мәселен, 7 жылдан бері Атырауда құны 7,4 миллиард теңгенің фармацевтикалық зауыт құрылысы кідіріп қалды. Кезінде бұл Орталық Азиядағы ең ірі фармацевтикалық кәсіпорын болады деп хабарланған болатын. 2014 жылдың тамызында сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ құрылыс алаңына символикалық капсула қалады. Өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2015 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, бірақ мерзімі үнемі кейінге шегеріліп отырды. «Атырау ӘКК» жобадан шығып қалды, содан кейін үнділік мердігер Lifeline Fze бас тартты, бірақ оның орнын басқан чех компаниясы «Флавия» да ұзаққа тұрмады. Нәтижесінде, ақпаратқа сәйкес, бүгінде құрылысты аяқтауға 3 миллиард теңге жетпей тұр, оны алатын жер жоқ.

2016 жылы Индер ауданында американдық бизон өсіріп, етін экспортқа сату, француз парфюмерия фабрикалары үшін 1000 га лаванда отырғызу, ауқымды жылыжай шаруашылығы мен қоқыстарды қайта өңдейтін зауыт салынатындығы жөніндегі трасса бойындағы кинотеатр мен концерт залының құрылысын аяқтауға қаражат салуға дайын болды. Барлық жобалардың жалпы құны 300 миллион долларға бағаланды. Осындай ауқымға таңданған «AЖ» біздің облысқа инвестициялық қаржы салып, игі істер жасауды көздеген компанияны табуға тырысты. Бірақ іздеу нәтиже бермеді, соңында күтпеген жайтпен аяқталды.

2018 жылы Атырау облысының сол кездегі әкімі Нұрлан НОҒАЕВ жергілікті нарыққа жапондық Tokyo Rope компаниясы келіп, Махамбет ауылының маңында Жайық жағалауын нығайтады, сонымен қатар заманауи медицина орталығын салады деп мәлімдеді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырауға келген сапарында айтылып, Елбасы бұл идеяны толығымен қолдады. Алайда, содан бері бұл жоба туралы ештеңе естілген жоқ.  

...Тағы бір жоба. Жуырда Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі малайзиялық Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясы мен қазақстандық Alshin-West ЖШС Атырауда Alshin Elektro Serve бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды деп хабарлады. Іс-шараға қатысқан Қаныш Мәмбетов Малайзияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Саид Абду Рахманға жергілікті билік аймақтың дамуына үлес қосатын инвестициялық жобаларды іске асыруда және жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құруда ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бірлескен кәсіпорын генераторларға, компрессорларға, сорғыларға және турбомашиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін жүзеге асырмақ.

Енді не болатынын көрейік. «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарадының» кері келмесе болғаны.

Фархат ӘБІЛОВы

Автордың коллажы

6 сәуір 2021, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.