Атырау, 28 наурыз 13:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

14-15 сәуірде жылу трассасына жақындамаңыз. Ал 20-21 сәуірде Атырауда ыстық су болмайды

3 450 просмотра

«Атырау жылу жүйелері» АҚ келесі аптада, 14 және 15 сәуірде жылу тасымалдағыштың есептік температурасына магистралды жылу желілеріне жоспарлы сынақ жүргізілетінін хабарлайды. Сынақ жүргізу кезеңінде тұтынушылардың жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінде температура жоғарылайды.

«Орынжайдың ішкі температурасын азайту үшін оларды қарқынды желдетуді ұсынамыз. Күйіп қалмас үшін жылу құбырларына жақындамауыңызды сұраймыз», - делінген Атырау жылу жүйелерінің хабарламасында.

Әрі қарай, 20 мен 21 сәуір аралығында магистральды және тарату жылу жүйелерінің гидравликалық беріктігі мен тығыздығына сынақ жүргізілетіні көрсетілген. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады. Апаттық жағдайларды болдырмау үшін жылу берушілер сынақ кезінде жылу трассасының құбырларына он метрден жақын қашықтыққа жақындамауды сұрайды.

«Құбырлардан су ағып, жарылған жағдайда тез арада 8 (7122) 99-43-07, 99-43-98 немесе 32-22-58 телефондарына хабарлауларыңызды өтінеміз», - деп хабарлады «Атырау жылу жүйелері» АҚ.

6 сәуір 2021, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.