Атырау, 28 сәуір 20:03
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жел барда - еркін тыныс ал

2 680 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет

Наурыздың аяғында бірнеше күн бойы Атырауда жағымсыз иіс қатты сезілді. Бұл не болды? Осы сұраққа арнайы брифинг ұйымдастырушылар жауап беруге тырысты.

Экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ 30 және 31 наурызда «Квадрат» булану алаңының санитариялық-қорғау аймағынан (СҚА) тыс жүргізілген өлшеу жұмыстары күкіртсутек бойынша ШРК 10-12 есе асып түскенін хабарлады.

- Бұл күндері жел солтүстіктен және солтүстік-батыстан соғып, жағымсыз иістер осы ауданда тіркелді. Айтпақшы, «Квадрат» алаңында кәріздік-тазарту станциясын салу және булану алаңын одан әрі қалпына келтіру 2021-2023 жылдарға жоспарланған, - деді ол.

Атырау әкімінің орынбасары Ерболат ОМАРОВ «Квадрат» бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенін, қазір жобаны қаржыландыру көздері қарастырылып жатқанын айтты.

Содан кейін сөз «Қазгидромет» РМК Атырау филиалының директоры Салауат ТӨЛЕНОВКЕ берілді:

- Бізде ауа сапасын бақылайтын 5 станция бар, оның 3-уі автономды режимде жұмыс істейді. Тағы НКОК компаниясының 19 станциясы және АМӨЗ-дің 4 станциясы бар, олар бойынша бүкіл ақпарат бізге жарты сағат ішінде жеткізіледі. Бұл күндері ауа қатты ластанған 2 факті тіркелді, оның ішінде Жилгородокта күкіртсутек бойынша ШРК 18 есеге, ал Жеңіс саябағы ауданында 25 есеге артты.

Төленовтің айтуынша, бұл күндері солтүстік-батыстан соққан жел жылдамдығы небары секундына 2 метр болған, осыған байланысты «Квадраттың» бүкіл күкіртсутегі қаланы басып қалды. Ол жерге кәріздік-тазарту станциясы салынғанша, желдің күшіне сеніп отырмыз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

6 сәуір 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.