Атырау, 27 сәуір 23:00
 ашықВ Атырау +23
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

COVID-19 Атырауда: тәулік ішінде 64 адам ауырып, ауру жұқтырған 500 науқас үйден ем алуда

3 036 просмотра

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 науқас анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауру жұқтырғандардың арасында Атырау қаласынан 44 науқас бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 11 жағдай анықталды.

Облыс аудандарында ауру жұқтырғандар саны артып келеді. Соңғы тәулікте COVID-19 Жылыой ауданының 1 тұрғынында, Қызылқоға ауданының 2 тұрғынында, Махамбет ауданының 5 тұрғынында, Исатай ауданының 1 тұрғынында расталды.

Коронавирус инфекциясы бар 26 пациентте ауру тиісті белгілермен өтуде. 38 адамда ауру белгілері байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 37 пациент сауығып кетті.

Қазір 500 адам үйде, 169 адам модульдік ауруханада, 63 адам аудандық жұқпалы аурулар ауруханаларында, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында 234 адам ем алуда.

Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. 

Вакциналау туралы мәліметтер

Өңірде халықты COVID-19 ауруына қарсы жаппай вакциналау жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

5 сәуірдегі ахуал бойынша, 765 адам «Спутник V» вакцинасының І компонентін алды. Оның ішінде, 103 медицина қызметкері, 130 мұғалім, 93 полиция қызметкері, 16 студент, жабық мекемелердің 15 қызметкері, 25 тәртіп сақшысы, 12 мемлекеттік қызметкер, созылмалы ауруы бар 13 адам, 358 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылдың 1 ақпанынан 5 сәуіріне дейінгі аралықта 4868 адам «Спутник  V» вакцинасының I компонентін алды. 2026 адамға II компонент салынды.

3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакциналау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны ерікті келісім бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцина ала алады. Ол үшін тіркелген жердегі еханаға өтінішпен жүгіну керек.

Стационарлардың толуы туралы мәліметтер

6 сәуірдегі ахуал бойынша, 466 адам COVID-19 ауруынан емделуде. Толу деңгейі (1993 кереуетке) 25,1% құрайды.

Жансақтау бөлімінде 18 пациент жатыр, оның 3-еуі ИВЛ аппаратына қосылған. Толу деңгейі (71 кереуетке) - 21,1%.

6 сәуір 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.