Атырау, 27 сәуір 22:21
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«“Меркурий” желісіндегі бензин талондары – бөлек жағдай»

Сурет
2 285 просмотра

Атырауда жалпы еліміздегідей АИ-92 және 95 бензинінің бағасы өсті. Ал 5 сәуірде Атыраудағы кейбір жанармай құю бекеттерінде АИ-95 маркалы жанармай талонмен берілетін болды. Жағдаймен танысу үшін қаладағы бірнеше жанармай бекетін араладық.

«Меркурий» жанармай бекетінде АИ-92 маркалы бензин 156 теңгеден, ал АИ-95 - тек талонмен сатылуда. Бекет қызметкерінің айтуынша, бұл жүйе алдыңғы күні кешке енгізілген. «Гелиос» жанармай бекетінде АИ-95 болған жоқ, АИ-92 159 теңгеден, дизель отыны 186 теңгеден сатылып жатты. Ал цифрлар жазылған қағаз парақтары жаңа екен, бағаның үнемі ауысып тұратыны көрініп тұр.

Ал «Қазмұнайгаз» бекеттерінде барлық маркалар еркін саттықта: АИ-95 172 теңгеден, АИ-92 156 теңгеден, дизель отыны 178 теңгеден сатылуда.

Энергетика министрлігі біздің сауалымызға бүгінде ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағалары реттелмейді және 2015 жылдан бастап бензинге, 2016 жылдан бастап дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеу жойылды деп жауап берді. Баға сұраныс пен ұсынысқа негізделген нарық бойынша белгіленеді.

Энергетика вице-министрі Әсет МАҒАУОВ былтыр пандемияға байланысты бензинге деген сұраныстың күрт азайғанын, бағалардың да төмендегенін түсіндірді. Бірақ биыл сұраныстың көбеюіне байланысты бағалардың өсу үрдісі байқалады.

Энергетика министрлігі де елдегі мұнай бағасы, көлік шығындары, мұнай базаларында сақтау, сондай-ақ акциздер мен салықтар баға белгілеудің негізгі факторлары екенін атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, 2021 жылдың 2 сәуіріндегі ахуал бойынша Атырау облысының мұнай базаларында АИ-92 қоры 5,7 мың тонна, дизель отыны 9,9 мың тонна болған. Бұл өңірдің бензин бойынша 12 күндік, дизель бойынша 13 күндік сұранысын жабады.

Айтпақшы, 4 сәуірде АМӨЗ-де ашық мұнай өнімдері өндірісін көбейтіп, каталитикалық крекинг пен риформинг қондырғыларын қалыпты жұмыс режиміне келтірді. Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтарында Атырау облысында электр қуатының іркілісі салдарынан катализаторлар істен шыққан болатын.

Министрлік Sinooil, Helios, «Газпромнефть» және «Қазмұнайгаз» сияқты ірі желілерде жанар-жағармай материалдарын сатуға ешқандай шектеу жоқ екенін, ал «Меркурий» желісіндегі талонмен жіберу жеке жағдай, ол өңірдегі жалпы жағдайды көрсетпейтінін растайды. Олар елдегі мұнай өнімдерін өндіру көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік беретінін айтты.

Қазір өңірімізде АИ-92 маркасының литрі 150-ден 165 теңгеге дейін, дизель отынының литрі 175-тен 200 теңгеге дейінгі аралықта.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

6 сәуір 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.