Атырау, 23 желтоқсан 05:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тәрбиеші шашынан сүйреп, ...байлап берді

3 091 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентіндегі «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі 4 жасар бүлдіршіннің шашынан сүйреген видежазба тарады.

Оқиға 5 сәуір күні орын алған. Видеода көрсетілгендей тәрбиеші бүлдіршінге жақындап, басынан түртіп жіберді де, бүлдіршін құлағанша шашынан сүйреп, шашын байлап берді. Бұл көрініс бойынша қызметтік тексеріс жүргізу үшін аудандық білім беру бөлімінде комиссия құрылды.  

- Қабылданған шешім бойынша қосымша хабарланады, - деп жауап берді Жылыой ауданы әкімдігінде.

Ал аудандық полиция аталған факт бойынша  ҚР ҚК 140 бабы 2-ші бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу мекеме жұмыскерiнiң қатыгездік танытуымен ұласқан тиісінше орындамауы) қылмыстық іс қозғады.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

7 сәуір 2021, 02:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.