Атырау, 28 сәуір 19:58
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Егер техникалық қызмет көрсету шарты болмаса, онда газды ажыратуға міндеттіміз»

2 618 просмотра

Атыраулықтардың газбен жабдықтауға қатысты сұрақтары көп. «АЖ» оларды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Серік ҚЫДЫРОВҚА жолдады.

- «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы жыл сайын «РЦКУ-Атырау» ЖШС-мен газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасауды талап етеді. Бұл міндетті ме, әлде қалауымен бе?

- Әр тұтынушы, жеке немесе заңды тұлға болсын, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 3-тармағына сәйкес, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Ал Заңның сол бабының 5-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады. Бірақ тұтынушылар «РЦКУ-Атырау»-мен шарт жасасуға міндетті емес, біздің өңірде үйішілік газ жабдықтарына қызмет көрсету лицензиясына ие басқа да ұйымдар бар. Бірақ біз неге РЦКУ-ді ұсынамыз? Өйткені, біздің олармен келісімшартымыз бар: біз отын жеткіземіз, олар қаражат жинау және газ жабдықтарының жағдайын бақылау бойынша қызмет көрсетеді.

Қайталап айтамын: егер тұтынушының жабдыққа қызмет көрсету келісімшарты болмаса, онда біз газды ажыратуға міндеттіміз. Бұл оның қауіпсіздігі үшін жасалады. 

- «РЦКУ-Атырау» ЖШС бізге жыл сайын 4 мыңнан астам теңгеге техникалық қызмет көрсетуге келісімшарт ұсынды. Бірақ оның қызметкерлері келмейді, жабдықты тексермейді. Техникалық қызмет көрсету тек қағаз жүзінде болса, маған бұл келісімшарттың қажеті не? 

- Қызмет көрсету кесте бойынша жүргізіледі, жөндеуге өтінім тараптар келіскен мерзімде орындалады (осы жағдайды түсіндіру үшін жеке шоттың нөмірін немесе мекенжайын көрсетуді немесе Алмагүл ықшамауданы, 3-үй, ҮІГЖ (ВДГО) қызметіне хабарласуды сұраймыз), байланыс телефондары 25-03-70, 49- 03-73, +77084208679). 

Егер РЦКУ немесе кез-келген басқа лицензияланған ұйым келісімшарт міндеттемелерін орындамаса, онда сіз келісімшартты бұзып, басқа ұйыммен келісімшарт жасауға құқығыңыз бар. Бұл еркін нарық және бұл жұмысты орындайтын басқа ұйымдар көп. 

- Бірақ шағым «РЦКУ-Атырауға» қатысты ғой. 

- Бұл сол ұйымға қойылатын сұрақ.

 

«ШАРТҚА БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КІРМЕЙДІ» 

Оқырмандарымыздың сұрақтары.

- Жақында мен (үш нүктеге - газ плитасына, жылу қазандығына, моншаға) 6 мың теңгеден астам төлеп, «РЦКУ-Атырау»-мен техникалық қызмет көрсету шартын жасадым. Бірақ олар бізге шарттың бір данасын қалдырған жоқ. Біз бұл соманы төлеген соң береміз деді.

- Бір данасын сізге қалдыру керек еді, нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген мекенжайға және телефондарға хабарласыңыз.

- «РЦКУ-Атырау» ЖШС-мен  техникалық қызмет көрсету шартын жасасқан кезде, 2 мыңнан астам теңге төледім. Өткен жылы үйімізге мамандар келіп, заң бұзушылықтар анықтады. Оларды жою үшін қосымша ақы сұрайды. Бірақ бұл келісімшартқа кірмей ме?

- Қолданыстағы келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету тізіміне енбеген қызметке ақы төлеу (мысалы, қазандықты ауыстыру) материалдар мен қосалқы бөлшектерді пайдалану дерегі бойынша жеке есептеледі. Келісімшартта осындай қосымша төлем көзделген.

- Жақында бізге «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан қоңырау шалып, жылытылатын үй-жайдың ауданы қандай екенін сұрады. Егер біз газ есептегіш арқылы төлейтін болсақ, онда оларға жылыту ауданы туралы ақпарат не үшін қажет? Газ төлеміне қатысты  өзгерістер енгізу жоспарланып отыр ма?

- Есептегіш 5 жыл сайын тексерілуі немесе ауыстырылуы керек. Осы мерзім аяқталғаннан кейін біз оның көрсеткішін қолдана алмаймыз - бұл заңсыз болар еді, сол кезде орынжай ауданы бойынша есептеледі. Бұл жағдай мерзімінің өтуіне байланысты шығар.

Атырауда тексеруді «AktobeGasInnovations» ЖШС мен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ тәуелсіз сертификатталған зертханалары жүзеге асырады. Есептегіш тұтынушы есебінен ауыстырылады.

- Біз газ плитасынан газ кеткенді жоюмен айналысатын ұйым таба алмай жүрміз. 104 нөміріне қоңырау шалдық, бірақ олар тек сыртқы газ нүктелеріне қызмет етеміз дейді. Мұндай жағдайда пәтер иелері кімге хабарласуы керек? Газдың кетуін жою қызметі қанша тұрады?

- Газдың кетуін жою үшін тұрмыстық тұтынушы техникалық қызмет көрсету шартын жасасқан ұйымға хабарласуы керек. Жоғарыда айтқанымдай, келісімшартқа кірмейтін көрсетілген қызмет үшін төлем материалдары мен қосалқы бөлшектерді пайдалану негізінде жеке есептеледі.

 

«ҚАТТЫ ИІС ШЫҚСА - 104-КЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛ»

- Қала тұрғындары көшедегі газ иісіне жиі шағымданады. Өз басым, мысалы, Азаттық даңғылы бойындағы «Империум» мейрамханасы мен С.Датов көшесіндегі «Шекті» дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, мүңкіген газ иісін сезініп, тез өтіп кетуге асықтым. Өйткені ол иіске шыдау мүмкін емес еді.

- Газ иісін сезсеңіз, апаттан құтқару бригадасын шақыру үшін 104 телефонына авариялық-диспетчерлік қызметке шұғыл қоңырау шалу керек. 104 қызметі тікелей біздің құзырымызда.

- РЦКУ-мен жасалған техникалық қызмет көрсету келісімшартында олардың телефондары көрсетілмеген. Мысалы, қазандық істен шыққан болса, қайда хабарласу керек?

- Телефондар ай сайынғы төлем түбіртектерінде көрсетілген. Жабдықтарды жөндеуге өтінішті Алмагүл ықшамауданы, 3-үй мекенжайына беруге немесе 25-03-70, 49-03-73, +77084208679 телефондары арқылы жолдауға болады.

Айнұр САПАРОВА

6 сәуір 2021, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.