Атырау, 28 сәуір 12:26
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында 140 адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

2 784 просмотра

Өңірде тұрғындарды COVID-19 ауруына қарсы жаппай вакциналау жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 сәуірдегі жағдай бойынша,  "Спутник V" вакцинасының І компонентін 140 адам алды. Оның ішінде, 13-і медицина қызметкерлері, 14-і мұғалім, 2-еуі студент, 1-еуі құқыққорғау органдарының қызметкері, 110-ы жергілікті тұрғын.

2021 жылдың 1 ақпанынан 4 сәуіріне дейінгі аралықта 4103 адам «Спутник V» І компонентімен вакциналанды. 1821 адамға II компонент егілді.

Естеріңізге салсақ, 3 сәуірде Атырау облысында тұрғындарға жаппай вакцина егу басталды.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының әр тұрғыны ерікті келісім бойынша коронавирус инфекциясына қарсы егіле алады. Бұл үшін тіркелген жеріндегі емханаға өтінішпен жүгіну керек.

5 сәуір 2021, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.