Атырау, 23 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Үшінші жеңіліс

2 240 рет қаралды
Фото: facebook.com/rfcatyrau

4 сәуірде футболдан ел чемпионатының 3-турында «Атырау» командасы «Мұнайшы» стадионында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Карантиннің күшеюіне байланысты матч көрерменсіз өтті. 

Фото: facebook.com/rfcatyrau 

Чемпионат сәтсіз басталғаннан кейін (екі турдағы екі жеңіліс) алаң иелері өз алаңында ұпай жинауға міндетті еді. Ойын жаман басталмады: 33-минутта «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаэль ОСПАНОВ қақпашымен бірге-бір қалып, гол соқты. Бірақ 7 минуттан кейін «Ақтөбе» шабуылшысы Максим ФЕДИН пенальтимен есепті теңестірді. 73-минутта біздің ойыншыларымыздың біріне айып добы салынып, пенальтиді Мукан ЭРВЕЙН жүзеге асырды. Алаң иелері есеп теңестіргісі келгенімен, қарсы шабуылға тап болды: 82-минутта «Ақтөбе» ойыншысы Рифат НҰРМАҒАМБЕТ есепті 3:1-ге жеткізді. Осы нәтижемен матч аяқталды.

Әзірге жағдай нашар. Бастамадан-ақ команданың қатарынан үш жеңіліс тапқанына клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы ойлануы керек. Алда, 4-турда Астанада біздің командамызды «қатал шайқас» күтіп тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 сәуір 2021, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.