Атырау, 15 қаңтар 03:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

COVID-19 Атырау облысында: ауырғандар қайта көбейді

3 108 рет қаралды

Пандемия басталғалы бері Атырау облысында ауру жұқтырған 18 940 адам анықталды. Жалпы санының 41%-дан астамы - ауысым жұмысшылары, 22%-ы - науқастармен байланыста болған адамдар, жұқтырғандардың 28%-дан астамы - түрлі іс-шараларда, 7,6%-ы - қоғамдық көлікте жұқтырған.

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет ТАНАУОВ онлайн-брифинг барысында эпидемиологиялық тергеу нәтижелерін жариялады. Осыған байланысты ол тұрғындарды адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатыспауға және жалпы алғанда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУВАЛИЕВТІҢ айтуынша, соңғы тәулікте облыста COVID-19 індетінің 110 жағдайы анықталды. 482 науқас стационарларда (160-сы жаңа модульді ауруханада, 276-сы Теңізде, 46-сы аудандарда) емделуде . 15 пациент реанимацияда жатыр (оның 3-уі ИВЛ-ға қосылған). Мамандандырылған кереуеттердің толу деңгейі бүгінде 24,9% құрайды.

Зульфия  ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2021, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.