Атырау, 25 қараша 00:44
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау әкімдігі 258 млн теңгеге қоқыс жәшігін сатып алды

Сурет
4 275 просмотра


Атырау қаласында жаңа қоқыс жәшіктері орнатылуда. Әзірге 800 ге жуық контейнер жеткізілді.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы дерекке сүйенсек,  Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі ақпан айында 2 мың дана қоқыс жәшігін сатып алу үшін 258 399 680 теңгеге ашық конкурс жариялады. Конкурста Алматы қаласынан «Евразия СТ» ЖШС жеңімпаз атанды. 

Келісімшартта көрсетілгендей, қоқыс контейнерінің сыйымдылығы 1,1 куб. метр.  Бір данасы 115 мың теңгені құрайды. Олар Минск қаласындағы «Сантэкс» зауытында жасалған. Бұдан бөлек жағалау мен алаңдарға пластмасса және тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған бөтелке пішіндегі торлы контейнерлер орнатылуда. Олар Арнаулы автобаза мекемесінің өз күшімен жасалып, оң жақ жағалау мен орталық алаңға орнатылған. 

Сурет: azh.kz/NurbeibitNugmanov
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
3 сәуір 2021, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.