Атырау, 15 қаңтар 03:35
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Атырауға «Спутник V» вакцинасының 3600 дозасы жеткізілді

3 607 рет қаралды

Жаңадан жеткізілген вакциналар студенттер мен жабық әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне арналған, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Спутник V» вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарланып отыр.  

«Вакциналардың жаңа партиясы студенттер мен жабық әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне арналған. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың басымдық берілген 8 санаты бойынша тұрғындарды да вакцинациялау жалғасады», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазір "Спутник V" екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді. 

Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II-компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

2 сәуір 2021, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.