Атырау, 15 қаңтар 03:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Атырауда коронавирустың асқынған түрімен 16 науқас ем алуда

2 792 рет қаралды
Сурет: облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

“Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған”, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам бар. Оның ішінде 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде.

- Олардың сегізі 65 жасқа дейін, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. 16 адамның бесеуі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Барлық ауыр науқастар Денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында. Сондай-ақ күн сайын Нұрсұлтан қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық ахуалдық орталық мамандарының, сондай-ақ республикалық орталықтардың бейінді мамандарының консультациялары өткізіледі.

Салыстыру үшін, 2021 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесіне дейін реанимацияда 11 адам болған. 1 сәуірдегі мәлімет бойынша пациенттер саны 16 адамға дейін көбейді.

Айта кету керек, бүгінде 147 пациент модульдік госпитальда, 266 адам ТШО-ның жұқпалы аурулар стационарларында, 37 - аудандық жұқпалы аурулар астационарларында, 242 жергілікті тұрғын үйде ем алуда.

1 сәуір 2021, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.