Қызылордада 2003-04 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің барлық аймағынан 500-ден астам спортшы қатысты.
Атырау облысының құрамасы қатарында Аңсаған Қазбек 53 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алып, ерекше көзге түсті.
* * * * *
Щучинск қаласында баскетболдан ерлер арасында Қазақстан Кубогы өтті. «Б» тобында «Барсы Атырау» барлық матчтарда жеңіске жетті, бірақ жартылай финалда Қостанайдың «Тобылына» есе жіберді. Содан кейін «қола» үшін матчта олар ақтаулық «Каспийді» жеңді.
Қазақстан Республикасы Кубогы аяқталғаннан кейін 2006-07 жылы туған жасөспірімдер арасында баскетболдан көктемгі ел чемпионаты өтті. Атырау облысының командасы былтырғы жетістігін қайталап, 13 команданың ішінен үздік атанды. Жартылай финалда «Атырау» «Астананы» 49:20, ал финалда Маңғыстау облысының командасын 74:42 есебімен оңай жеңіп шықты.
«Атырау» ойыншысы Қамза Әлішер чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.
* * * * *
Нұр-Сұлтанда 16 жасқа дейінгі жастар арасында су полосынан Қазақстан чемпионаты өтті.
«Атырау» командасы «Көкшетау» командасындағы құрдастарын 13:10, «Алматыны» 17: 5 есебімен жеңіп алды. Кейін ол алаң иелерінен 10:12 есебімен жеңіліп, болашақ чемпион «Таразбен» 11:11 есебімен тең түсті. Нәтижесі - үшінші орын. Команданы жаттықтырушы Е.Қойлиев пен Б.Дінбаев дайындады.
* * * * *
Мәскеуде самбодан жыл сайынғы А.Харлампиев атындағы Әлем Кубогы өтті. Биыл ол 40-шы рет өткізілді.
Мерейтойлық турнир пандемияға байланысты көрерменсіз өтті. Күрес кілемшесіндегі қызу тартысқа 16 елден келген 300-ден астам спортшы қатысты. Жауынгерлік бөлімде атыраулық спортшы Айбек Әбділов «алтын» жеңіп алды. Алдын ала турда ол ресейлікті, жартылай финалда қырғызстандық қарсыласын, ал финалда Өзбекстан өкілін жеңіп шықты.
Әлем кубогын жеңіп алу арқылы Айбек халықаралық спорт шебері нормативін орындады.
* * * * *
Қызылорда қаласында дзюдодан жастар арасында республикалық турнир өтті. Атырау облысынан қатысқан спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте алаң иелерінен кейін екінші орынға шықты.
Інжу Жұмажан (36 келіге дейін) пен Ерхан Мұрат (42 келіге дейін) жарыстың жеңімпазы атанды, Зауза Нұрбек «күміс», Айбек Абзал мен Жұмабай Айбар «қола» иеленді. Сонымен қатар, Айбар «Үздік техникасы үшін» арнайы сыйлықпен марапатталды.
* * * * *
Алматыда мүгедек спортшылар арасында шахматтан және дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті.
Шахмат жарыстарында Атырау қаласының өкілі Альфия Тілекқабыл күміс жүлдегер атанса, оның командаласы Мөлдір Қажымоваға дойбыдан екінші орын бұйырды. Қыздарды Еркен Үсенов жаттықтырады.
* * * * *
Ақтөбеде белбеу күресінен ел чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасы турнирден 3 күміс және сонша қола медаль иеленіп келді.
Финалистердің есімі: Ерсін Тұяқбай, Жүніс Бекет, Абылай Амандық.
* * * * *
Таразда 2004-05 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті.
Бұл жерде атыраулық спортшы Аян Әбдел 55 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды.
* * * * *
Шымкентте Индонезия жекпе-жек өнері бойынша пенчак силаттан Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау облысының құрама командасы 7 алтын медаль жеңіп алды.
Бекжан Мұратов, Алмат Әубекеров, Нұржан Жұмабаев, Мыңбол Камаладинов, Айбек Нұрлыбеков, Шұға Жексемалиева және Ернұр Төлеуғали ел чемпионы атанды.
* * * * *
Талдықорғанда ересектер мен жастар арасында джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтті. Тәжірибелі бапкер Айбар Есенғалиев бастаған Атырау облысының құрама командасы 5 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Жеңіс Нұрлыбаев, Лев Винс, Санжар Айтмұханбетов, Қазболат Сатыбалдиев және Құралбек Құралбек өз салмағы мен жасы бойынша чемпион атанды.
«Күмісті» Асхат Хамитов, Әлішер Ақжігітов, Әмірше Гибрат және Балғара Өтесінқызы, қоланы - Ақниет Ғабит, Райымбек Қисметов, Берік Өткелбаев, Ыдырыс Ноғайбаев және Батырбек Сағытжанұлы жеңіп алды.