Атырау, 12 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Балабақшада тағы 15 баладан аспайтын кезекші топтар болады

3 299 просмотра

Балабақшада шектеулер қайта енгізілді - олар кезекші топтарға 15 балаға дейін қабылдайды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Біздің облыстың «қызыл» аймаққа өтуіне және бас санитар дәрігердің қаулысына толықтыру енгізілуіне байланысты мектепке дейінгі мекемелер қайтадан балалардың санын шектеп қабылдай бастады. Еске сала кетейік, 9 наурыздан бастап балабақшалардағы топқа 25 балаға дейін қабылдауға рұқсат берілді. Бірақ бүгін, 29 наурызда тәрбиешілер ата-аналардың вотсап-тобына кезекші топтарға баратын 15 баланың тізімдерін жіберді. Бұл дау тудырғаны сөзсіз. Тізімнен шығып қалған балалардың «үлкейген» ата-аналары енді толық жұмысқа шыға алмайтын болдық деп қапаланды. Ал балалары балабақшаға жаңадан келіп жүрген «жаңа» ата-аналар тізімді жаңартып отыру керек дейді, себебі «бұрынғылары» барып жүрді, енді басқалары да барсын деп түсіндірді. А.Дүйсекенованың айтуынша, бұл шешім облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде қабылданған және балабақша әкімшілігі ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 наурыз 2021, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.