Атырау, 12 қазан 11:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Оқушылар 4 тоқсанда да мектепке барып оқымайды

3 353 просмотра

Төртінші тоқсанда мектеп оқушылары үшінші тоқсандағыдай режимде оқиды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Наурыз мейрамына дейінгі елдегі қолайлы эпидемиологиялық жағдай барлық балалар мектепке барып оқу үшін мүмкіндік туады деген алдамшы болжам жасауға жол берді. Әлеуметтік желіде сонау жаңалықты растайтын хабарлама да пайда болды. Алайда, күні кешегі біздің өңірдің «қызыл аймаққа» енуі бұл тақырыптағы әңгімені түбегейлі тоқтатты.

- 1-5 сыныптар аралас форматта оқиды. Әр сыныпта бала саны 25-тен аспау керек. 9 және 11 сынып оқушылары аптасына 6 күн біріктірілген форматта оқиды – пәндердің 70% оффлайн, 30% - онлайн өтеді. Денсаулығына байланысты баласын үйде оқуды қалайтын ата-ана мектеп әкімшілігіне тиісті өтініш жаза алады. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. 6, 7, 8 және 10 сынып оқушылары онлайн режимінде оқиды, - деді А.Дүйсекенова. Бала саны 300-ден аспайтын шағын мектептер үшін ерекше жағдай қарастырылған, олар әдеттегідей мектептен оқыта береді.

Сұрақтарға жауап бере отырып, А.Дүйсекенова мектепте баламен жұмыс істейтін мұғалімдер ПТР тестілеуден өту міндетті емес, бірақ олар барлық белгіленген шаралар мен маска режимін сақтайтынын айтты.

- Мектепте инфекция анықталған жағдай бойынша жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес, көбіне инфекцияны үйден жұқтырғаны анықталып отыр. Соңғы кездері мұндай жағдайда мектепті де толық жаппай, тек жұқтырған адам табылған сыныпты ғана карантинге жабады. Карантинге жабу уақыты аяқталғаннан кейін сыныпта оқу жалғасады. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 наурыз 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.