Атырау, 12 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Құрманғазыда полиция қызметкері асылып қалды

3 300 просмотра

Бүгін, 29 наурызда таңғы сағат 8 шамасында Құрманғазы ауылында полиция қызметкері асылып қалды.

«AЖ»-ға белгілі ақпарат бойынша, 25 жастағы Құрманғазы ауданының тумасы Теңіз полиция бөлімінде кезекшінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Оның денесі стадиондағы турникте дарға асылып тұрған күйде табылды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Бұл наурызда болған жергілікті құқық қорғау органдары қатарындағы бірінші қайғылы оқиға емес. 20 наурызда Махамбет ауданы тұсында Жайық өзенінен сол ауданның полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкерінің денесі табылды. Ал жағада аузында көлікті оталдыратын кілті тұрған күйде оның көлігі қалған. Күні бұрын 19 наурызда ҚПБ-да психолог болып жұмыс істеген полиция лейтенанты өз үйінде бақилық болған. Бұл оның жоспарланған ұзатылу тойына бірнеше күн бұрын болған оқиға.

«АЖ»-да мақала жарияланғаннан кейін Атырау облысы бойынша полиция департаменті қызметкерлерінің өліміне қатысты пікір білдірді.
- 29 наурызда Құрманғазы ауданында 1996 жылы туған полиция қызметкерінің өліміне байланысты қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - дейді Атырау облысы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Байдосов. -  20 наурызда  Жайық өзенінен табылған полиция қызметкерінің мәйіті бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. Ал 19 наурыз күні Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері науқастан қайтыс болған.


Фархат ӘБІЛОВ

29 наурыз 2021, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.