Атырау, 25 қараша 09:44
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей елде жүрген шетелдіктердің бірыңғай цифрлық профильдер базасын жасайды

2 321 просмотра

Ресейде шетелдік азаматтарды, оның ішінде олардың цифрлық профилрін тіркеуге арналған бірыңғай ақпараттық алаң жасалады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Цифрлық профильде адамның құқықтық мәртебесі, оның биометриялық деректері, тұрғылықты жері мен жұмысы туралы ақпарат болады. 

Бұл мигранттарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға және уақытында елден кету қажеттігі туралы пошта хабарламаларымен қоса, ақпараттық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Бұл туралы ТАСС-қа Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы ведомствоның тиісті сауалына жауап ретінде хабарлады.

Сонымен қатар шетелдіктер цифрлық профильді қолдана отырып, жұмыс берушімен еңбек қатынасын жасай алады, өздерінің білімін растайды, міндетті салық және басқа төлемдерді төлеп, ыңғайлы ақпараттық қызметтерді қолдана алады.

Соның ішінде рұқсаттардың, Ресейде қалу және елден сырт шығуға қажетті құжаттардың жақында аяқталатыны жайлы хабарламалар алады.

Дереккөз:Kazinform

29 наурыз 2021, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.