Беларусьте қауіпсіздік күштері базалары мен ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері орналасқан Минскінің шығыс бөлігіндегі наразылық білдірушілер жиналатын орындарға арнайы техникалар жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tut.by-ге сілтеме жасап.
Оппозиционерлер Якуб Колас алаңында митингтер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алайда олар наразылық білдірушілерден алаңға өзі шықпай, сол маңға қарай жиналуды сұрады.
Таңертеңнен бастап қалада арнайы жасақтық техника көбейген.
"Рұқсат етілмеген іс-шараларға қатысуға шақыру бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Belta ақпараттық агенттігі.
Алғашқы тұтқындаулар туралы мәліметтер жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 16-да пайда болды. Куәгерлер Tut.by агенттігіне Пушкинская және Ғылым академиясы метро станциялары ауданындағы тұтқындаулар туралы айтты. Кейінірек осы агенттіктің редакторы Анна Калтыгинаның ұсталғаны туралы белгілі болды.
Қазіргі уақытта Бангалор алаңына кіреберісті жол полициясы жауып тұр. Құқық қорғау органдары алаңның аумағында адамдарды ұстауда.
Наразылық акциялары республикада Александр Лукашенко президенттік сайлауда жеңіске жеткен кезден бастап ұйымдастырылуда. Оппозиция жақтаушылары дауыс беру нәтижелерімен келіспеген.