Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Сарыөзектегі ауруханада ковидпен ауырғандарға орын бар

2 442 рет қаралды

Коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне қарамастан, модульді инфекциялық ауруханада ешқандай алаңдаушылық жоқ. Онда 200 төсектік орын бар, қазір 109 науқас емделіп жатыр.

Бұл туралы бізге Сарыөзектегі модульді аурухана қарайтын №2 облыстық аурухана директоры Мағжан СИДЖАНОВ айтты. Оған әлеуметтік желіде тараған аудио хабарлама себеп болды: сонда бір әйел ковид жұқтырған науқастардың көптігінен жедел жәрдемге мұқтаж адамдарды қабылдау бөлімшесіндегі қызметкерлер қабылдап үлгере алмай жатыр деп сендірді. М.Сиджановтың айтуынша, 20 наурыздан бастап №2 облыстық аурухана (Нұрсая ықшамауданындағы) өз бағытында қолданылып келеді. Онда гепатит, өткір ішек инфекциялары бар, уланған науқастар емделуде. Ковидпен ауырған науқастың бәрі модульді ауруханаға ауыстырылды. Тек ауыр халде жатқан 8 науқасты орнынан қозғаған жоқ. Онда 200 төсектік орын бар, оның ішінде 20 жан сақтау бөлімшесінде. Осылайша, қазір №2 ауруханада 63 науқас, ал Сарыөзекте 109 науқас коронавирустан емделіп жатыр.

- Әзірге анықталған ковид жұқтырған 83 адамның 54-і  Теңіз кенішінен. Қала тұрғындарының ішінде індет анықталған 26 адамның көбінде аурудың белгілері байқалмайды, сәйкесінше олар үйде емделеді. Осылайша, модульді инфекциялық ауруханаға түсіп жатқан науқастар легі көп емес, - деп сендірді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

27 наурыз 2021, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.