Атырау, 22 қараша 03:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Немере кетті, радио қалды... Атырауда қуыршақ театрының тұсауы кесілді

Сурет Бейнежазба
3 393 просмотра

26 наурызда Махамбет атындағы драма театрының кіші залында балалаларға арналған қуыршақ театрының тұсауы кесілді. Алғашқы қойылым ақсақал мен оның ауылға каникулға келген кішкентай немересінің қарым-қатынасына арналды.

Немересі жаз бойы атасының қасына еріп жүріп тал теректі суаруына көмектесіп, атасынан домбыра шертуді үйренеді. Сол уақыт бойы ақсақал тәрбиелік мәні бар өнегелі әңгімелерін айтып отырады, ал немересі халық даналығын біртіндеп бойына сіңіреді. Қойылым соңында  каникул аяқталады. Немересі қалаға кетіп, сол сәтте орын алған үйдегі тыныштық пен ақсақалдың бұрышта ілулі тұрған радиомен қалғаны көрерменге ерекше әсер етті.

Үлкен залға қарағанда кіші залдың ұтымды жері бар. Көрерменнен екі-үш метр қашықтықта отырып,  қоюшы-суретшінің, қуыршақтардың, оны ойнатушы әртістердің тамаша жұмысын көріп, бағалауға болады.   

Қойылымының сценарийін драма театрының әртісі Бекет ЗИНУЛЛИН құрастырған. Ол өзі Өрлік ауылында туып өскен, сондықтан бұл тақырып маған жақын таныс дейді ол.

Махамбет атындағы драма театрының директоры Берік ЖӘМЕНОВТЫҢ айтуынша,  қуыршақтар қойылымы бұдан әрі жалғасын тауып, орыс тілді оқырмандарға да арнап ұсынылады.

- Алғашқы жобамыз болған соң театрдың барлық ұжымы, суретші мен режиссерлары ортақ күш салды. Менің ойымша, бәрі жақсы өтті. Болашақта еліміздегі жетекші қуыршақ театрларын шақырып, тәжірибе алмасамыз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

27 наурыз 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.