Атырау, 25 қараша 09:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Билл Гейтс пандемияға қатысты жаңа болжам жасады

2 452 просмотра

Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына дейін аяқталмайтынын айтты. Миллиардердің айтуынша, вирустың таралуын вакцинация тоқтатады. Бұл туралы ол TVN24 телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тілшінің сұрағына жауап бере отырып, Билл Гейтс бүкіл әлемдегі шектеулер барлық мемлекет COVID-19-дан толық арылғанша сақталады деп мәлімдеді.

"2021 жылдың соңына дейін вакцинация деңгейі жоғары болуы мүмкін, сондықтан коронавирус жұқтыру дерегі азая бастайды. Дегенмен толық жойылып кетпейді. Бірақ бүкіл әлем пандемиядан арылғанша, маска тағу және көп адамның жиналуына тыйым салу сияқты шектеулер қала береді", - деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, әлем 2022 жылдың соңына қарай қалыпты өмірге оралады.

Сонымен қатар, ол пандемияға қатысы бар деген қауесетті тағы да жоққа шығарды және әлемде болып жатқан оқиғаларды қастандық деп санайтын адамдарға жауап берді.

"Мұның бәрін қастандық деп санап, маска тақпайтын немесе вакцинациядан бас тартатын адамдарды түсінбеймін",-деді миллиардер.

Бұған дейін Билл Гейтс пандемия бүкіл әлемде аяқталуы үшін адамдар жеткілікті жұмыс істеп жатқан жоқ деп мәлімдеген болатын.

26 наурыз 2021, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.