Атырау, 12 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Заң бұзушылықтар хроникасы

2 711 просмотра

10-17 наурыз аралығында Атырау қаласында «Борышкер-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде айыппұл төлеуден жалтарған 27 жүргізушіден 2 миллион 200 мың теңге өндірілді. Мәселен, 14 наурызда Азаттық даңғылындағы №20 үйдің жанында Hyundai Sonata автокөлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі жалпы сомасы 145 850 теңгені құрайтын 10 айыппұлды төлемеген екен. 27 автокөліктің 22-сі Ресейден , 5-і Армениядан әкелінген. Бәрі айыппұл тұрағына қойылды.

*** * *

Атырауда жыл басынан бері жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қайыр тілеумен айналысқан 50-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалға, 16 наурызда қала маңындағы Ақсай ауылында полиция қызметкерлері көшеде өтіп бара жатқан адамдардан қайыр сұраған 59 жастағы М-ны ұстады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

*** * *

«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде түнгі 23.00-ден кейін үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 17 жасөспірім анықталды. Олардың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері қолайсыз отбасы ретінде тіркелгендермен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Мекен-жайларды тексеру кезінде Атырау қаласының тұрғыны жасөспірім балалардың көзінше алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 наурыз 2021, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.