Атырау, 12 қазан 13:23
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырау облысында тәулік ішінде 82 адам коронавирус жұқтырды

2 646 просмотра

Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырған жаңадан 26 жағдай расталды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Індет жұқтырғандардың арасында 26 адам Атырау қаласының тұрғындары. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 54 жағдай анықталды.

Сонымен қатар, Индер және Құрманғазы аудандарында бір-бірден екі тұрғын коронавирус жұқтырды.

17 науқастың ауру белгілері бар, ал 65 адамда байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста 81 науқас коронавирустан емделіп шықты.

Қазір 232 науқас үйде ем қабылдап жатыр, 8 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 109 науқас модульді ауруханада, 18 адам аудандық ауруханаларда емделуде. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 266 бар.

Қазір COVID-19 таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

26 наурыз 2021, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.