Атырау, 12 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Тасқын су бұзып жарған Ноғайты өзеніндегі көпір қайта қалпына келтірілді

Бейнежазба
2 902 просмотра

Әлеуметтік желіде «Атырау-Ақтөбе» айналма тас жолының 341 шақырымында орналасқан уақытша көпірді су тасқыны бұзып жарып, біраз бөлігін жарамсыз етіп тастағаны жөнінде бейнежазба тарады. Бұл уақытша көпір  Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылынан бір шақырым жерде Ноғайты өзені үстінде тұр. Белгілі болғандай, 25 наурыз күні Ақтөбе облысының ауа райында жылымық орнап, қар күрт ерігеннің салдарынан табиғи судың екпіні уақытша салынған көпірдің біраз бөлігін шайып кеткен. Оның үстіне нөсер жаңбыр жауды.

- Біз кеше түнде көлік жүрісін тоқтатып, көпірді жауып тастадық. Жергілікті тұрғындар өр суының мұндай тосыннан екпіндете келуі бес-алты жылдан бері байқалмаған дейді. Бұл уақытша көпір, негізгі көпірде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер «Шанхай Констракшн Групп КОО ЛТД» ЖШС уақытша көпірді шебен төсеп, қалпына келтіруге жұмыстануда, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ.

Кейін біз аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Марат КҮЗЕМБАЕВҚА хабарласқанбыз.

- Уақытша көпір қалпына келтірілді, түнімен жұмыс жасалды. Бүгін таңғы 8-де көпірден көліктер өте бастады. Қазір қосымша тас төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер компания «Шанхай Констракшн Групп КОО ЛТД» ЖШС 100 тонна топырақ және 160 тонна  тас төгіп, көпірдің екі жағын бөгеу жұмыстарын жүргізді. Оған 3 самосвал, 2 жүк тиегіш көлік және 1 экскаватор жұмылдырылды.

Казір судың деңгейі түсіп, қауіп сейілді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

26 наурыз 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.