Атырау, 12 қазан 13:28
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Атырауда тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 65 жағдай тіркелді, көбі қала тұрғындары

3 675 просмотра

Атырау қаласының өзінде COVID-19 жұқтырған жаңадан 32 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Індет жұқтырғандардың ішінде 32 науқас Атырау қаласынан анықталды. Скринингтен өткенде 21 адам Теңіз кенішінен тіркелді.

Қауіпті індет аудан тұрғындары арасында да таралып жатыр. Индер ауданының 1 тұрғыны, Махамбет ауданынан екі адам және Жылыой ауданында 9 адам коронавирус жұқтырған.

21 науқастың ауру белгілері бар, ал 44 адамда байқалмайды.

Кеше облыста коронавирустан 30 науқас емделіп шықты.

Қазір 240 науқас үйінде емделуде, облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас жатыр, модульді стационарда – 85 адам, аудандардағы инфекцялық стационарда - 18 адам ем қабылдауда. Ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда – 262 науқас бар.

Атырау облысы COVID-19 жұқтыру қарқыны бойынша «қазал аймаққа» енгізілді.

25 наурыз 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.