Атырау, 25 қараша 09:50
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Думасы Путиннің қайта президент болуына құқық беретін заңды қабылдады

2 685 просмотра

Ресей Мемлекеттік Думасы сәрсенбі күні өткен пленарлық отырыста РФ қазіргі президенті Владимир Путинге мемлекет басшысы лауазымына қызметіне қайта дауысқа түсуіне құқық беретін түзетулерді қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

РФ Конституциясының жаңа ережелерінің біріне сәйкес, РФ президенті қызметін атқара алатын мерзім санының шектелуі мемлекеттің қазіргі басшысына қатысты оның бұрынғы президенттік мерзімі ескерілмей қолданылады. Осылайша, бұл норма мемлекеттің қазіргі басшысына Ресей Федерациясы президентінің қызметін тағы екі мерзім атқаруға мүмкіндік беріп отыр. 

Құжатты Госдумаға депутаттар Павел Крашенинников пен Ольга Савастьянова, сондай-ақ Федерация кеңесінің мүшесі Андрей Клишас қараша айында ұсынған.

24 наурыз 2021, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.