Атырау, 25 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропада COVID-19 құрбандарына бір минут үнсіздік жарияланады

2 337 просмотра

24 наурызда Еуропаның 200 қаласында пандемия құрбандарын еске алу үшін акция өтеді. Жалпыеуропалық үнсіздік минуты түске жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz DW.com басылымына сілтеме жасап.

Акция ұйымдастырушысы - Eurocities еуропалық қалалар қауымдастығы. 

Әлемнің көптеген елінде өздерінің ұлттық еске алу шаралары өтіп кетті. Мысалы, Италия, Испания, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Швейцарияда.

Бірақ сәрсенбіге жоспарланған бір минуттық үнсіздік Еуропаның және бүкіл әлемнің жақынынан айырылған адамдарын біріктіруі керек. Eurocities қауымдастығының президенті әрі Флоренция қаласының мэрі Дарио Нарделла үнсіздіктің бұл сәті тек қайтыс болғандарға және олар туралы естеліктерге арналады және оны айыптаулар мен саяси ұрандарға айналдырмау керегін атап өтті. 

Еске салайық, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны төртінші апта қатарынан өсіп жатыр, ақпанның аяғынан бастап, осы аптаға дейін 3,3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді. Тағы 60 мыңнан аса адам қайтыс болды.

24 наурыз 2021, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.