Атырау, 12 қазан 13:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

​Төртінші тоқсанда оқушылар қалай оқиды

8 546 просмотра

Каникул қарсаңында ата-аналар чаттарында 4-тоқсанда 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі барлық оқушылар оффлайн оқуға ауысады деген хабарламалар пайда болды.

Осындай хабарды естіген ата-аналар оны қызу талқыға салып жатты. Егер бұл рас әңгіме болса, онда балаларды мектепке даярлау керек, оларды мектеп пен үйірмелерге жеткізу мәселесін шешіп, бала тасып жүргенде үйдегі кішкентайларға қарай тұратын туыстармен келісу керек.

- Қазір бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыстық білім беру басқармасы ешқандай хабарлама таратқан жоқ. Атырауда, басқа аймақтағыдай 5, 9, 11 сынып оқушылары үшін біріктірілген оқу жүріп жатыр және кезекші 1-4 сынып оқушылары мектепке барып оқуда. Мектептер толық ашылу үшін республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысы қажет. Ол кейін жергілікті жерлерде қайталанады. Облыстық білім беру басқармасы өкім шығару керек, икемді кесте жасалады, - деді білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА. Ол сондай-ақ қажет болса, біздің мектептер балаларды қабылдауға дайын екенін айтты.

Бұл ретте ата-аналар бәрібір дайын болуды ұйғарды, өйткені санитар дәрігерлердің шешімі аяқ астынан шығып қалатынын ұмытқан жоқ. Осылайша бір түнде 25 балаға дейінгі балабақша топтарының жұмысына рұқсат беретін қаулы қабылданды (бұған дейін балабақшаларда 15-тен аспайтын бала қабылдайтын кезекші топтар ғана жұмыс істейтін), содан кейін, аяқ астынан 5 сынып оқушылары да мектепке барды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 наурыз 2021, 01:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.