Атырау, 18 желтоқсан 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Индердегі мектеп есепшілерін басқа аудандағы әріптестері де қолдады

3 235 просмотра

Индер ауданындағы 15 мектептің есепшілері жалақыны көтеру туралы талап қойып, тіпті олардың көбі жұмыстан кету туралы өтініш жазғаннан кейін Мақат, Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы мектептерден, Мақат пен Исатай ауданыдағы балабақша, өнер және спорт мектептерінен есепшілер өз әріптестеріне қолдау білдірді.

Олар «AЖ» редакциясына хат жазды. Онда «Бүгінде мекемелерді есепшілерсіз елестету мүмкін емес, соның ішінде мектепті. Біздерге жүктелген міндет зор, ал төлейтін жалақы мардымсыз. Есепшілерге біліктілік санаты қарастырылмаған. Жұмыс көлемінің көптігінен кешке, тіпті демалыс күндері жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ оны ешкім ескеріп жатқан жоқ. Біздің Индерлік әріптестеріміз бұл мәселелердің барлығын ашық көтерді, бірақ оған ешкім құлақ аспаған сияқты».

Мектеп есепшілері бірнеше талап орындалса дейді, оның ішінде білім беру саласының мамандары ретінде ауылдық  жерде жұмыс жасағаны үшін 25 пайыздық қосымша ақы төленуі, коммуналдық қызметтер үшін жеңілдік, біліктілік санаттарын тағайындау, мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасаудың күрделілігіне байланысты қосымша штат беру, болмаса еңбекақыға қосымша ақы төлеу.

Біз осы мәселелердің болашақта қалай шешілетіні жөнінде облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне хабарласып, жауап күткенбіз. Әзірге ешқандай жауап жоқ.   

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 наурыз 2021, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.