Атырау, 25 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбританияда шетелге сапарлауға салынған тыйым шілде айына дейін ұзартылмақ

2 282 просмотра

Британия билігі халықаралық сапар жасауға салынған тыйымды шілде айына дейін ұзартуға ниетті, ал оны бұзғандарға 5 мың фунт стерлинг көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, үкімет тиісті кеңестерді депутаттардың қарауына 22 наурызда берген. Бұл мәселе бойынша дауыс беру 25 наурыз күніне белгіленді. Егер бұл ұсыныстар мақұлданса, жаңа ережелер алдағы дүйсенбі күні өз күшіне енуі тиіс.

Басылымның нақтылауынша, ел тұрғындарына аса қажетті болып табылмаса, шетелге сапар жасауға 30 маусымға дейін тыйым салынады. Сырт елдерге тек жұмыс бабымен, оқу, емделу, ауыр халде жатқан туысы немесе досына бару, неке қию немесе жақын туыстың үйлену тойына бару, көшіп кету немесе жылжымайтын мүлікті сату себебімен ғана шығуға болады.


23 наурыз 2021, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.