Атырау, 12 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Далада жоғалған малшы сегіз күннен бері іздестірілуде

Сурет
4 045 просмотра

11 наурызда Исатай ауданынан Жасқайрат ауылына қарасты «Бекетай» қыстағынан 60 жастағы малшы Алтай Шамиевтің 10 наурызда күндіз мал жаюға шығып, кері оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын 11 наурыз сағат 22-30-дан бастады. Қазбек, Дос ата, Омар, Хасен, Мырзақұл, Тұяқ ағаш, Мұса ағаш, Нарөлген, Бекетай, Аққұдық, Ерғали, Папина ағашы, Есен қара, Қаңбақты, Бекайдар қыстақтарына іздестіру жұмыстары жүргізілді. 16 наурызда «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ Атырау филиалының тік ұшағы жұмылдырылып, Индер ауданының Қосжыңғыл, Жылқауыл, Қоштай қыстақтарын қамти отырып, Батыс Қазақстан облысының Жаңқала ауданына дейін іздестіру жұмыстары жүргізіліп, ешқандай нәтиже бермеді.

Бүгінде іздестіру жұмыстарына Исатай аудандық ТЖ бөлімінен 4 қызметкер, аудандық полиция бөлімінің 6 қызметкері, жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігі, екі «Нива» көлігі,  туыстарынан 9 адам, тік ұшақ пен дрон ұшу аппараты жұмылдырылды.

Іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2021, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.