Атырау, 23 желтоқсан 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Вакцинация пандемияны аяқтауға көмектеседі.

PR
3 122 рет қаралды


ТШО вакцинацияға дайын, ал Теңіз кенішінде вакцина егуді қашан бастайтыны туралы, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев айтып өтті.

Рзабек Дәуітұлы, вакцинация қашан басталғалы отырғанын айтып өтесіз бе?

Өздеріңіз білетіндей, вакциналарды әлі де еркін нарықтан сатып алу мүмкін емес.ТШО, басқа жүздеген компаниялар сияқты Қазақстан Республикасының вакцинация бағдарламасына сәйкес вакцинаның қолжетімді болуынкүтуде. Қазіргі уақытта мемлекеттік вакцинация бағдарламасы аясында вакцинаны бірнешедәрігерлер мен компанияның медициналық қызметкерлері алды. Біз ерікті вакцинация бағдарламасын жүзеге асыру үшін және Теңіз кенішінің жұмысшылары арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19 вирусының таралуын болдырмау үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан үкіметіне өтініш жібердік. Жауапты күтудеміз.

Бірақ ТШО вакцинация жоспарын әзірлеп жатыр емес пе, ал Теңіз кенішінде ол қалайжүзеге асырылады?

Қазіргі уақытта біз Теңіздегі барлық жұмысшыларға вакцинация туралы негізделген шешім қабылдауға көмектесетін ресми ақпарат беруге міндеттіміз. Олар вакцинаны қабылдамас бұрын міндетті түрде үкімет бекіткен денсаулық сақтау мамандары жүргізетін қауіпсіздік шараларнұсқамасымен танысатын болады. Вакцинация толықтай ерікті түрде жасалынады. Бас тартқан жағдайда, ешқандай шара қолданылмайды. Сонымен қатар, біз вакцинация коронавирустан қорғануымыз үшін қажетті әрі маңызды құрал екенін және Теңіздегі карантиндік шектеулерді жеңілдетуге көмектесетінінтүсіну керек.

Біздің қызметкерлерге айтарым, вакцинацияға қатысты дұрыс шешім қабылдау үшін тек ресми және тексерілген ақпаратқа сеніңіз . Егер сіздевакцинаға қатысты күмәніңіз немесе қорқынышыңыз болса, дәрігерімен ақылдасып, вакцина жөнінде тек сенімді ақпарат көздерінен оқығаныңыз абзал.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да шариғат бойынша, өте қажет болған жағдайда, Covid-19 вирусына қарсы вакцина алуға болатындығын растады. Қазақстанда ақпан айынан бастап 69 мың адамға вакцина егілді.

Вакцинаға қатысты шығындарды кім көтереді? Мердігер ұйымдар үшін вакцинация ақылы болады ма?

ТШО COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны компания қызметкерлері мен мердігерлері үшін ҚР Үкіметінің вакцинаны бөлу бағдарламасына сәйкес сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Атырау облысы біздің үйіміз, қызметкерлеріміздің басым көпшілігі және олардың отбасылары осы жерде тұрады, сондықтан біз үшін вакцинация тек Теңіздегі қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар Атырау облысының тұрғындарына да қол жетімді болуы маңызды. Сондықтан да, біз ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейміз.

Неліктен ТШО вакцинаға мұқтаж? Бұл мемлекеттің құзыреттілігінде емес пе?

ТШО-ның бірінші кезектегі міндеті - қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау, сондықтан біз ҚР санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жұмыс істейміз және мемлекеттік органдардың нұсқаулықтарын орындаймыз. Вакциналар COVID-19 вирусынан қорғанудың маңызды құралы болып табылады. 

20 наурыз 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған