Қырғызстанның Республикалық иммундық алдын алу орталығының директоры Гүлнара Ишенапысова «Кабар» агенттігіндегі баспасөз конференциясында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау және оны ұйымдастыру процесін ұйымдастыру қажеттілігі мен маңыздылығы туралы баяндады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қырғызстанда халықтың 70 пайызына екпе салынуы тиіс. Дамудың төменгі деңгейі ретінде Қырғызстан 94 елмен бірген COVAX бағдарламасына кірді.
«Бұл бағдарламадағы мүшелік аясында біз гуманитарлық көмек ретінде вакцинаның келуін күттік. Бізге AstraZeneca вакцинасы кеңес етілді. Бұл вциналарды алу процедурасына тағы басқа көптеген процедуралар кіріп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені премьер-министр деңгейіне дейін көтеріп, бүгінде біз бұл келісімді үкіметке тапсырдық. Үкіметпен бірлесіп жауапкершілікті орнататын боламыз.Біз вакцинаны сәуір айында күткен едік, бірақ Данияда бұл вакцинаның жанама әсерінің оқиғалары анықталған соң, біз оның шығу себептерінің тергелуі мен ресми қорытындының шығарылуын күттік, себебі елде бұл вакцинаның жеткізілуін күтіп жүрген еді», - деді Ишенапысова.
Ол үкіметтің бқдан басқа ковидке қарсы вакциналарды алу үшін Ресей және Қытаймен жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті. «Гуманитарлық көме ретінде ресейлік вакцинаның 500 мың дозасы мен қазіргі кезде ДДСҰ-да тіркеуден өтіп жатқан қытайлық Sinopharm вакцинсының 150 мың дозасын күтіп отырмыз», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бірінші кезеңде екпе салу пунктері Бішкек, Ош, Қант қалаларында және Шу ауданының Сокулук ауданында ашылады.