Атырау, 23 желтоқсан 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құрманғазы ауданына жаңа әкім тағайындалды

3 351 рет қаралды

Бұл қызметке Марат Бисенғалиұлы Мурзиев тағайындалды. Екі жыл ауданға басшылық еткен Қайрат Нұртаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы 18 наурызда Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық  заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2006-2008 жылдары түрлі жеке кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, содан кейін Атырау облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары -  Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары – Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы, 2017 жылдың наурыз айынан осы тағайындауға дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.