Атырау, 23 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

3 310 рет қаралды

Исатай ауданының жаңа әкімі болып Полымбет ХАСАНОВ тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 18 наурызда Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін ауданды 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды.

Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.

2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман,

2006-2010 жылдары – Атырау облысы әкімі аппаратында жұмыс істеген, 2010-2014 жылдары Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған. 2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз 2021, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.