«Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 1-туры аясында «Атырау» мен қарағандылық "Шахтер" арасында матч өтті. Меймандар 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл пандемияға байланысты жабық матч болды. Жанкүйерлер стадионға жақындау мүмкін болмады дейді. Барлық қақпалар жабық болды, ал полиция нысанды сыртынан қоршап тұрды.
Интернет арқылы матчты үйден көргендер қызық ештеңе болған жоқ дейді. Алаң иелері самарқау ойнаған, ал 14-минутта алаң иелеріне айып алаңында кеншілер құрамындағы украиналық шабуылшы Виталий БАЛАЛАШОВ гол соқты. Алаң иелері төрешінің жұмысына қатты наразы болды, бірақ бұл матчтың нәтижесіне әсер еткен жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Бейнежазба: sports.kz