Атырау, 15 қаңтар 06:58
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Жұмысқа кетіп, оралмады

3 163 рет қаралды

Алты күннен бері Атырауда жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразалиевты іздеу жұмыстары жалғасуда. 6 наурызда кешке үйінен жұмысқа шығып кетіп, содан оралмаған.

- 10 наурызда Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментіне Атырау тұрғыны хабарласты. Жоғалған адам ЖШС-де күзетші болып жұмыс істейді. Хабарлама түскен бойда ТЖД жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинология жасағы еріктілермен бірге Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінің маңында іздеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстарына ТЖД 10 қызметкері, 2 кинолог жасағы, 3 техника және жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды.

Туыстары +7 702 488 60 75; +7 775 689 18 18 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Фархат ӘБІЛОВ

12 наурыз 2021, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.