Атырау, 17 сәуір 02:12
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

16 наурыз - «AЖ» мерейтойы. Сол бір кездер…

17 671 просмотра

16 наурызда «Ақ Жайық» өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт аралығында елімізде және оқырмандарымыздың өмірінде көп өзгеріс болды. Біз бүкіл іс-шараларды бақылап, жариялап қана қоймай, оларға өзіміз де белсенді түрде қатысып отырдық.

Сондай-ақ, оқырмандарды түрлі байқау мен ұтыс ойындарын өткізу арқылы редакция өміріне тартуға тырыстық. «Алғашқы жолығушы» айдарының жүздеген кейіпкері, ондаған автомобиль және басқа да бағалы сыйлық ұсынған ұтыс ойындарының жеңімпаздары әлі жадымызда. «Аптаның көңіл-күйі», «Тумба» және басқа да айдарларымыз қаншама қызығушылық тудырған еді! Бірінші айдар оқырмандарға атыраулықтардың көңіл-күйін біліп, олардың мәселесін шешуге көмектессе, екіншісі әлеуметтік желі мен мессенджерлердің не екенін әлі білмейтін жасөспірімдер мен жастар арасында танымал болды. 

Ұқсас адамдар сайысындағы «АЖ» жеңімпаздарының бірі. Сурет З.ИСКАЛИЕВАНЫҢ мұрағатынан алынды

Қандай конкурстар өткізіп едік! Атыраудан әйгілі тұлғаларға ұқсайтын "сыңарын" іздеп тауып, оқырманымызды танымал «Поле чудес» бағдарламасына жібердік, вокал сайысымыздың жеңімпаздары үшін Алматыда атақты қазақстандық орындаушылармен кездесу ұйымдастырдық, өзіміздің "Ақ Жайық аруы" атты сұлулық байқауын өткіздік!

Бізге өз жұмысымыздың қорытындысын жасауға әлі ерте, бірақ біз осы 30 жылдағы бүкіл қызықты оқиғаларды тұрақты оқырмандарымызбен бірге еске түсіруге дайынбыз. «Ақ Жайық» мақаласының кейіпкері болған, біздің ұтыс ойындарымыз бен байқауларымызға қатысқан жандарға мұның бәрі қалай болғанын айтып беру үшін хабарласуды сұраймыз. Сіздің қоңырауларыңыз бен хаттарыңызды асыға күтеміз. Біздің байланыс дерегіміз: editors@azh.kz, 27-23-68, 8 701 777 83 24.

12 наурыз 2021, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.