Атырау, 25 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында коронавирустың 27 жағдайы анықталды

2 346 просмотра

Атырау облысында 27 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ауру жұқтырғандар арасында Атырау қаласынан үш пациент бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 24 жағдай анықталды.

Коронавирус инфекциясы бар 6 пациентте ауру тиісті белгілермен өтуде. 21 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 85 пациент сауығып шықты.

Қазір 99 науқас үйде, 70 адам облыстық жұқпалы аурулар стационарында, 21 адам аудандық жұқпалы аурулар стационарында. Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында 245 адам ем алып жатыр. 

Коронавирустың таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта екенін еске саламыз.

9 наурыз 2021, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.