Атырау, 25 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Brent мұнайының бағасы 70 доллардан асты

2 597 просмотра

Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан жоғары көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,64 пайызға өсіп, барреліне 70,5 долларға жетті. 

Соңғы рет 70 доллар шамасында Brent мұнайы баррелінің бағасы 2020 жылдың қаңтар айында ғана болған. 

Сағат 05:10-те Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,77 пайызға өсіп 70,59 долларға жетті. 

Ал, WTI маркалы мұнай баррелінің мамыр айындағы фьючерстері бағасы бүгінгі сауда-саттықта барреліне 67,04 долларға дейін көтерілді (+1,71%).


8 наурыз 2021, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.