Атырау, 29 наурыз 12:14
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Теңізде бес автобус өртеніп кетті

Толықтырылды Бейнежазба
3 424 просмотра
Бейнежазбадан скриншот

5 наурызда сағат 19:30-да ТШО мердігері ССЕР компаниясының көлік тұрағында жолаушылар автобусының бірі өртенді.

Өрт сол сәтте жанында тұрған тағы 4 автобусқа өршіді.

Өртті сөндіруге ТШО-ның 3 өрт сөндіру техникасы мен 30 адам, оның ішінде өрт сөндірушілер мен компания қызметкерлері жұмылдырылды.

ССЕР өкілі Орақ БИСЕМБИЕВТІҢ айтуынша, өрт сағат 21:00-де оқшауланып, сөндірілді. Қайтыс болып, зардап шеккендер жоқ, бірақ бес автобустың қалпына келуі екіталай.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

CCEP компаниясының хабарлауынша, барлық қызметтік автобус тұраққа сағат 19.00-де келіп, жолаушыларды түсіргеннен кейін жабылған.

Бастапқы қызметтік тексеру нәтижесінде, бәрін бір қарап шыққан сигнал беруші автобустардың бірінің қозғалтқыш бөлігінен түтін байқап қалған. Нұсқаулыққа сәйкес  ол бірден кезекшіге хабарлады. Оқиға орнына ССЕР компаниясының өрт сөндірушілері келді,  көп ұзамай оларға ТШО өрт сөндіру қызметінің үш арнайы техникасы қосылды. Бірақ қатты желдің салдарынан өрт қасындағы автобустарға көшіп, нәтижесінде бес автобус өртке оранған. 

Сарапшылардың алдын ала жасаған болжамы бойынша,  бір автобустың қозғалтқыш бөлігіндегі тоқтың тұйықталуынан өрт шығуы мүмкін. Нақты себебін CCEP, ТШО және мемлекеттік органдардың қатысуымен құрылған жұмыс комиссиясы анықтайды.


Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

«AЖ» оқырмандары жолдаған бейнежазба

6 наурыз 2021, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.