Атырау, 28 наурыз 16:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырау және Маңғыстау облыстарында 2,2 миллион АҚШ долларына 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды

PR
3 458 просмотра


Жыл сайын ТШО үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) күніне орай, Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының (ӘИБ) қорытындысын жариялайды. Пандемияға қарамастан, компания осы жылы да дәстүрді өзгертпеді: жыл қортындысына арналған жалпы жиналыс онлайн форматта өтіп, іс-шараның ресми платформасында және ашық әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсетілді. 2020 ж. 2,2 млн АҚШ долларына 18 жоба, оның 10-ы Атырау, 8-і Маңғыстау облысында жүзеге асты. Бұл жолғы компания серіктестері «Қазақстанның отбасылық дәрігерлері қауымдастығы» (ҚОДҚ), Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ), «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігі, «Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ, Project Hope ҮЕҰ, «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ, «Атырау.Шағын ел» ҚБ, «Академик Қабдолов атындағы» қор, «БолашақК» ҚҚ болды.

ОАЕҚ бірнеше жылдан бері әлеуметтік кәсіпкер болғысы келетіндерге көмектесіп келеді. Өткен жылы «Жарқыра» бағдарламасының 7 финалисі анықталды. Жобаларының негізгі бағыттары: ұлттық қолөнер, медицина, БЦС ауруына шалдыққан балаларға арналған мектепке дейінгі оқыту және спорттық қызмет, жазасын өтегендерді оңалту және жұмыспен қамту болды. Аталған жобаларға 17 860 000 теңге бөлінді, оның 65%-ы өткен жылдардағы жеңімпаздар қайтарған қарыздар есебінен еді.

Сонымен қатар, ОАЕҚ «Қоғамдық кеңістіктер» жобасын бастады. Жоба аясында тұрғындар қоғамдық орындарды салуға және абаттандыруға белгілі бір мөлшерде қаражат алды. Осылайша, карантин кезінде Жылыой ауданының тұрғындары көшедегі спорт және балалар алаңдарын, саябақтарды абаттандырды. Жалпы 5 ауылда шамамен 30 млн теңгеге 14 шағын жоба жүзеге асты. Жергілікті атқарушы органдар да жобаны жүзеге асыру барысына жан-жақты қолдау көрсетті.

«Мүгедек әлемі» ҮЕҰ бірнеше жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға пішіп-тігу және кәдесыйлар жасау өнерін үйретіп келеді. Пандемия осынау рухы мықты жандардың еңсесін түсірмеді, қайта олар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Жоба шеңберінде қатысушылар бетперде тігуді үйреніп, әкімдіктер ұйымдастырған әлеуметтік топтарға жұмысқа тартылды. Сөйтіп, олар пандемия кезінде өздерін табыспен қамтамасыз етті.

«Ынтымақ Атырау» ҮЕҰ еріктілері 2020 жылдың мамыр айында Атырау қаласы мен Жылыой ауданында 1100-ден астам азық-түлік себетін таратты. Бүған қоса, олар мамандандырылған мекемелердегі балаларға арналған 490 жаңа жылдық сыйлықты таратуға көмектесті. Жобаға 300 ерікті қатысты. ТШО аталған жобаны қаржыландырып қана қоймай, компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын еріктілер қатарына тартты.

Академик З.Қабдолов атындағы жеке қордың «Қазақша сайра» жобасы 2013 ж. басталған болатын, 2020 ж. қордың электронды кітапханасы 4 кітаппен толықтырылды. Бұл өзекті жоба қазақ тіліндегі әдеби қорды дамыту мен көбейтуге және оны цифрлық кеңістікке бейімдеуге бағытталған.

ҚОДҚ 2 облыста да пандемиямен күресте баға жетпес көмек көрсетті. Қауымдастықтағы дәрігерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген емделушілерге онлайн режимінде кеңес беріп қана қоймай, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді оқытты, медициналық мекемелерге COVID-19 вирусымен күресу үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алды.

Бұл ТШО қолдауымен 2020 жылы жүзеге асырылған әлеуметтік жобалардың бір ғана бөлігі. Қарапайым дәрігерлер, үй шаруасындағы әйелдер, жастар және не нәрсеге де бей-жай қарай алмайтын тұрғындар жүзеге асырған жобалар туралы тоқтамай айта беруге болады. Өйткені, олардың әрқайсысы біздің қоғамымыздың дамуына баға жетпес үлес қосты. Жобалар туралы толығырақ ақпаратты төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 

5 наурыз 2021, 17:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.